• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Кеше

Экологиялық эстафета Сырда қорытындыланды

10 рет
көрсетілді

Алматы – Қызылорда арасындағы 1200 шақырымдық күре жол бойын тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында жолға шыққан «Таза Қазақстан» road-эстафетасы жолай оңтүстік өңірдегі бірнеше қала мен ауданда тазалық шараларын жүргізіп, халықпен кездесу ұйымдастыра отырып Қызылордаға жетті.

Эстафета құрамында Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясы­ның мүше­лері, партия жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, облыстық, аудан­дық мәслихат депутаттары, экоблогерлер, еріктілер бар.

Жаңақорғанға аялдаған топ мүшелері республикалық маңызы бар автожол бойы­мен қатар, «Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында сан ғасырдың куәгері Сығанақ қа­лашығының айналасын тазартты. Көршілес Шиелі ауданында Мәжіліс депутаттары арнайы қабылдау өткізіп, «Жастар рухы» жас­тар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова жастармен пікір алмасты. Қабылдаулар мен кездесулер барысында аудан тұрғын­дары­­ның сұрақтарына нақты жауап берілді. Мәжіліс ­депутаты Мұрат Әбенов Шиелі­дегі қабылдауда жастар тарапынан ұтымды ұсы­ныстар айтылғанын атап өтті. Алматы ­облысынан бастау алған акция­ға қатысушы­лар 4 облыс, 1 қала, 15 аудан аумағына таза­лық жүргі­зіп, ­10 мың тоннадан астам қо­қыс­ты қайта ­өң­деуге жөнелтті.

«Таза Қазақстан» әрқайсымыздан бас­талады. Сондықтан тұрғындарға, жастарға қоқыс жинау ғана емес, сонымен қатар эко­ло­гиялық мәдениетті қалыптастыру, суды үнемдеу, қоқысты сұрыптау мәселелерін түсіндірдік», дейді эстафета мүшелері.

Қызылордадағы акцияны қорытынды­лау шарасына қала әкімі Нұржан Ахатов, «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партияның облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов, еңбек ардагерлері қатысып, ортақ іске үлес қосқандарға ризашы­лығын білдірді.

 

ҚЫЗЫЛОРДА