• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 14:25

Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр

50 рет
көрсетілді

Қазақстан 2026 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша әлем елдерінің экономикалық еркіндік индексінде көрсеткішін 63,8 баллдан 64,2 баллға дейін жақсартты. Осылайша, еліміз Орталық Азия өңірінде бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономикалық еркіндік ұғымы азаматтардың мемлекет тарапынан шектеусіз меншік иелену, кәсіп таңдау, табыс табу, қаржы жұмсау және бизнес жүргізу мүмкіндіктерін білдіреді. Зерттеуді Heritage Foundation (АҚШ) стратегиялық зерттеу институты жүргізеді. Индекс 10 негізгі көрсеткіш негізінде есептеледі. Олардың қатарында меншік құқығы, сыбайлас жемқорлық деңгейі, салықтық еркіндік, үкіметтің экономикаға араласуы, кәсіпкерлік және еңбек еркіндігі, ақша-несие және сауда еркіндігі, инвестициялық және қаржылық еркіндік бар.

Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан тек Орталық Азия елдері арасында ғана емес, сондай-ақ ТМД, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар мемлекетін де экономикалық еркіндік деңгейі бойынша басып озған.

Бұл көрсеткіш Қазақстан халқы үшін экономикалық еркіндік деңгейі бірқатар елмен салыстырғанда жоғары екенін көрсетеді. Атап айтқанда, Қазақстан индексі Италия (74-орын), Грекия (75-орын), Венгрия (79-орын), Түркия (117-орын), Ресей (145-орын), және Қытай (154-орын) елдерінен жоғары көрсеткішке ие.

Ел экономикасының иммунитеті күшейіп келеді

Ал рейтингтің алғашқы орындарын соңғы бірнеше жыл бойы тұрақты түрде Сингапур (84,4 балл), Швейцария (83,7 балл) және Ирландия (83,3 балл) иеленіп келеді.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар