• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 00:18

Көкшетауда 16 жастағы студент колледж жатақханасында көз жұмды

40 рет
көрсетілді

Көкшетаудағы жеке жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің жатақханасында 16 жастағы бірінші курс студентінің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиғаның алдын ала себебі – жүректің кенеттен тоқтауы.

Факт тіркеліп, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала деректерге сүйенсек, оқиға қылмыстық сипатта емес. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Білім басқармасы оқиға туралы ақпарат полиция мен құзырлы органдарға белгіленген тәртіппен дереу жеткізілгенін, сондай-ақ жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.