• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 12:23

Алматы облысында 12 жасар қызды қорлаған жасөспірім ұсталды

40 рет
көрсетілді

Алматы облысының Ынтымақ ауылында 12 жасар қыздың зорланғаны туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті – кемелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция аталған істің тергеу барысы облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атады.

Еске салар болсақ, бұған дейін Алматы облысының Қарғалы ауылында бірнеше жасөспірім жетім қызға зорлық әркеттерін жасап, оны видеоға түсірген.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі («Он алты жасқа толмаған адамға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау») бойынша іс қозғалып, тергеу кезінде іске қатысы бар жеті жасөспірім анықталған.