• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 12:55

Түркістан облысының тұрғыны анасына бауырын берді

30 рет
көрсетілді

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында өңірде екінші рет бауыр трансплантациясы сәтті орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Науқас – 54 жаста. Диагнозы: MELD – 26 балл, бауыр циррозы.

«Науқас бірнеше жыл бойы гастроэнтерологтың диспансерлік бақылауында болған. Ұзақ уақыт ем қабылдағанына қарамастан, жағдайы нашарлап, бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болды», - деп жазды портал.

Донор – науқастың 24 жастағы ұлы. Ол өз еркімен донор болуға келісім беріп, толық медициналық тексеруден өткен. Абсолюттік қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.

Операцияны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының мамандарынан құралған бірлескен команда өткізді.

Қазіргі таңда науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақтануда.

Бұл – Түркістан облысында жасалған екінші бауыр трансплантациясы. Аталған маңызды оқиға өңірдегі трансплантологияның дамуына жаңа серпін берді.