• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Кеше

Геосаясат әлем экономикасына қалай әсер етеді?

30 рет
көрсетілді

McKinsey Economic Conditions Outlook 2025 жылдың қыркүйегінде әлемнің ірі компаниялары басшыларының сауда саясатындағы кедергілерге қатысты пікірін топтастырды, деп жазады Egemen.kz.

Сауалнамаға 81 елден 799 басшы қатысқан.  Қатысушылардың шамамен 60 пайызы тарифтер мен сауда келісімдеріндегі өзгерістерді кәсіптегі негізгі тәуекел факторы екенін алға тартқан. Кейінгі кедергі –  геосаяси қақтығыстар. 

Азия, Еуропа, Үндістан және Солтүстік Америка өкілдері сауда саясатын басты қауіп ретінде атаса, Қытайды экономикалық тұрақсыздық, Латын Америкасы мен Таяу Шығысты саяси қақтығыстар көбірек алаңдатып отыр. 

Алайда кей компаниялар өзгерістерден өсу мүмкіндігін байқай алған. Сауда өзгерістерін мүмкіндік деп санайтын басшылардың үлесі бір жылда екі есеге жуық өскен. 2024 жылдың соңында мұндай пікірдегілер 8 пайыздан 2025 жылдың күзінде 15 пайызға дейін артқан.

Респонденттердің 34 пайызы сауда шарттарының өзгерісіне дайын екенін айтқан. 

Әлем бойынша компаниялардың үштен екісі АҚШ-тың сауда саясатының ықпалымен бизнес процестерін қайта қараған. 

Сауда өзгерістеріне оптимистік көзқарас Қытай компанияларының өкілдерінен аңғарылады. Еуропа мен Солтүстік Америкада пессимистік көңіл-күй қалыптасқан.

Респонденттердің 53 пайызы алдағы жарты жылда елдерінде жұмыссыздық өседі деп есептейді. Бұл қатарда Солтүстік Америка  мен Еуропа, дамушы елдер өкілдері бар. Қытай осы тұрғыда жағдай тұрақты екенін көрсеткен. 

Сонымен қатар, компанияларда кедергілерге қатысты нақты іс-қимылдар да басталған. Әлем бойынша компаниялардың үштен екісі АҚШ-тың сауда саясатының ықпалымен бизнес-процестерін қайта қараған.

Ең жиі жасалатын қадамдар ішінде сценарийлік жоспарлау, тарифтік шешімдердің ықтимал нәтижелерін талдау;

• баға саясатын қайта қарау;

• жеткізу тізбектерін түзету;

• жеткізушілермен жаңа шарттар бойынша келіссөздер жасау;

• өнім дизайнын өзгерту және капиталды қайта бөлу сынды бастамалар кездескен.