• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

232 жаңа мектеп салынып жатыр

40 рет
көрсетілді

Ел өңірлерінде 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 157 мың оқушы орнына лайықталған 105 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Оның ішінде 135 мың балаға арналған 71 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған.

Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында ашылған.

Аталған ұлттық жоба аясында жалпы 460 мың орынға арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде бой тіктеп жатыр. 

Жаңа форматтағы мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді. Мәселен, жаңа үлгідегі мектептердің жалпы аумағы 15-20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төртке дейін спорт залы қарастырылған.

Қазір шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп жаңғыртылып жатыр. Бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, жиһаздарды жаңарту, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелерін жаңғырту қарастырылған. 

Келесі кезеңде мектептердің инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.