• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қараша, 2025

«Пойыз жүріп келе жатқан»: Вагондардың біріне автомобиль соғылған

80 рет
көрсетілді

Оқыс оқиға – Жамбыл облысы аумағындағы Меркі ауданының Тәтті станциясында (Шу-Тараз учаскесі) 14 қарашада түнгі уақытта болған, деп жазады Egemen.kz.

Күзетілмейтін теміржол өткелінде тыйым салынған сигналды елемеген Lada Niva көлігінің жүргізушісі өтіп бара жатқан «Алматы-Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызының орта бөлігіндегі вагонға соқтығысқан.

Ешкім зардап шекпеген. Жүргізушінің кім екені анықталып, тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, пойыз бағыты бойынша жолын жалғастырған. Шымкент станциясында вагондарға техникалық тексеріс жүргізілген, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін ақаулар анықталмаған.

Соңғы жаңалықтар