Дохада (Қатар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (22-3) америкалық Алекс Переспен (25-9) октагонға шығып, айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңіл салмақта жоспарланған үш раундтық жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Қазақстандық файтер қарсыласын тартысты өткен күрестен кейін берілуге мәжбүрледі.
Бұл жеңіс Алмабаевтың кәсіби мансабындағы 23-ші, ал UFC-дегі жетінші жекпе-жегі болды. Промоушендегі статистикасы енді 6-1 көрсеткішіне жетті. Алекс Перес кәсіби мансабындағы оныншы жеңіліске ұшырап, UFC-дегі рекордын 7-6-ға дейін нашарлатты.
Алмабаевтың жеңісі жанкүйерлердің жоғары бағасын алып, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.