• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2025

Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде екі кәсіпорын ашылды

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту және сотталғандарды еңбекпен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында Қостанай облысының №38 түзеу мекемесінде екі бірдей жаңа модульдік өндірістік ғимарат ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түзеу мекемесінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуды, сондай-ақ сотталғандарды еңбекке, қоғамға қайта бейімдеуді көздейтін жаңа нысандар ДМП панельдері, корпустық және жұмсақ жиһаз, брусчатка, биг-бэг қаптарын, жеңіл құрылыс панельдерін өндіретін болады. Тіпті, фин технологиясы бойынша құрастырмалы үй қаңқаларын да шығару жоспарда бар. Ауқымды жоба 150 сотталған адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Жаңа өндіріс орындары сотталған азаматтардың кәсіби дағдысын дамытуға, әлеуметтік бейімделуіне және бостандыққа шыққаннан кейін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашады», дейді түзеу мекемесінің басшылары.

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар