Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) алтын медаль иегері атанды, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыз алтын жүлдені тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен сарапқа салды. Бірінші раундта төрешілер Оразбектің басымдығына қолдау білдірді. Одан кейінгі раундтарда да Оразбек қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Нәтижесінде қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды.
Енді ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (71 келі) ресейлік Сергей Колденков, Сабыржан Аққалықов (75 келі) ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістіреді.