2026 жылы Қазақстанда тағы алты автожол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырым болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақылы болатын жол учаскелері:
Қарағанды – Балқаш — 363 шақырым; Бурылбайтал – Құрты — 228 шақырым; Ақтөбе – Қандыағаш — 96 шақырым; Талдықорған – Өскемен — 768 шақырым; Атырау – Астрахань — 277 шақырым; Мерке – Шу — 78 шақырым.Көлік министрлігі 2026 жылы тарифтерді өзгерту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
– Төлем жасау тәсілдері өзгеріссіз қалады. Бюджетке түсетін жүктемені азайту және қайта жаңғырту мен жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелердің өзін-өзі ақтауы үшін ақылы жүйе енгізіліп жатыр, – делінген хабарламада.