UFC-де жартылай ауыр салмақ дәрежесінде айқасып жүрген қазақтың аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожайдың кезекті қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келесі жылдың 8 наурызында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы әйгілі T-Mobile аренасында өтетін UFC 326 жарысында қандасымыз Бразилияның файтері РафаэльТобиаспен күш сынасады. Аталған промоушенде бұған дейін екі кездесу өткізген Дияр екі ретінде де жеңілістің кермек дәмін татты. Алғашында ол бразилиялық Брендсон Рибейродан ойсырай ұтылса, көп кешікпей қырғызстандық Уран Сатыбалдиевтен таяқ жеді. Ал қарсыласы UFC-дегі тұсаукесер кездесуін өткізбек.