Кубаның вице-президенті Сальвадор Вальдес Месаны әуежайда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Куба делегациясы 28–29 мамыр күндері елордада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысады.
«Форум дәстүрлі түрде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, биылғы басты басымдықтардың бірі – жасанды интеллект», – деді Шаққалиев кездесу барысында.
Куба 2020 жылы ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін алған.