11 қаңтарда Пхукет маңында Андаман теңізінде экскурсиялық қайық кемемен соқтығысып, аударылған. Бортта Қазақстанның сегіз азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі бүгінде үйіне жіберілген. Қалған екі азамат стационарда емделуін жалғастырып жатыр.
«Екі азамат әлі де ауруханада, жағдайлары тұрақты, сауығып келеді. Шығындарды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен үнемі байланыста және қажетті көмекті көрсетіп жатыр», делінген хабарламада.
Полиция мен жағалау күзеті оқиғаның себептерін, соның ішінде ережелердің бұзылуын, кеменің техникалық жағдайын және экипаждың қателігін тергеп жатыр.
Таиландта аударылған катердің ішінде 8 Қазақстан азаматы болған