Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің санитарлық авиациясы аясында Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша шұғыл медициналық рейс орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рейс өте ауыр жағдайда жатқан жаңа туған сәбиді тасымалдау үшін жүзеге асырылды.
ТЖМ-ге қарасты «Қазавиақұтқару» тікұшағы Астана қаласындағы Кардиохирургия клиникасының клиникасының тікұшақ алаңқайына тікелей қонды. Бұл шешім жерүсті тасымалдау кезеңін толықтай алып тастап, науқас үшін туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді барынша азайтуға мүмкіндік берді.
Жаңа жыл түнінде елімізде қанша сәби дүниеге келді?