• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 18:00

Елордалық оқушылар үш күнде ерекше робот құрастырып шығарды

13 рет
көрсетілді

Былтыр жаңа оқу жылында ашылған Астана қаласындағы №119 жайлы мектептің оқушылары түрлі бәйгелерден олжалы оралып жүр. Талантты шәкірттердің бірі Аманжол Рауан мен Солнцев Давид «Roboland» олимпиадасының қалалық кезеңіне «Робогеометрия» санатында сайысқа қатысып, III орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Командалық сайыста олар дайындықтарының жоғары екенін паш етіп, техникалық біліктілігі мен ұйымшыл командалық жұмысты көрсете алды. Байқауға ұсынылған роботты жобалау және бағдарламалау жұмыстарына бар болғаны үш күн уақыт жұмсалды. Осы қысқа мерзім ішінде оқушылар өздеріне бөлінген міндеттерді тиімді бөлісіп, бір-бірімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, туындаған техникалық мәселелерді жедел шешіп отырды. Бұл олардың командалық жұмысқа бейімділігін айқын көрсетті.

СҚО-да ІТ-орталықтар ашылды: Ауыл жастары робототехниканы меңгереді

Дайындық барысында Солнцев Давид мектепте жүзеге асырған жобалары арқылы өз қабілетін көрсетті. Ол Python, Java және C++ бағдарламалау тілдерін еркін меңгерген, 3D модельдеу, веб-сайттармен жұмыс істеу және роботтарды әзірлеу саласында тәжірибесі бар. Давид бұл бағытқа бала күнінен қызығып, үнемі өз білімін жетілдіріп отырады. Сонымен қатар, ол кәсіби түрде футболмен айналысады, бүгінде «Қайрат» футбол клубы жасөспірімдер тобының мүшесі.  Давид спорт пен техниканы қатар дамытып, замандастарына үлгі болып жүрген жан-жақты оқушы.

Аманжол Рауан да бала кезінен робототехникамен тұрақты түрде айналысып келеді. Ол робот құрастыру және бағдарламалау бағытында тәжірибе жинақтап, жауапкершілігі жоғары жобаларды жүзеге асырып жүр. Рауан да «Қайрат» футбол командасының құрамында ойнап, тәртібімен, еңбекқорлығымен көзге түсіп, ұжыммен жұмыс істей алатын қабілетін көрсетіп келеді.

Қарағандылық оқушылар робототехника олимпиадасынан олжалы оралды

Жайлы мектепте оқушылардың инженерия және заманауи технологиялар саласындағы жолы енді ғана басталып жатыр. Алда оларды жаңа жобалар, тың идеялар және үлкен жетістіктер күтіп тұр.