• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

СҚО-да ауылдық округтер неге біріктіріліп жатыр?

20 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында тұрғындар саны 10 мыңға жетпейді. Соның ішінде ең шағыны облыс орталығынан қашық орналасқан Тимирязев ауданы. Жуырда осы ауданның үш ауылдық округтері қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір кезде бұл ауданда 16 ауылдық округ болған. Бірақ тұрғындар санының азаюына байланысты ауылдық округтер бір-біріне қосылды. Міне, енді Есіл, Ленин, Целинный ауылдық округтері Ақсуат, Мичурин және Хмельницкий округтеріне қосылып, соңғыларды ірілендіріліп отыр. Бұл бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

СҚО-да ІТ-орталықтар ашылды: Ауыл жастары робототехниканы меңгереді

Үш адамнан тұратын ауылдық округтың штатын ұстау үшін барлық коммуналдық, көлік, байланыс шығындарын қоса есептегенде жылына 20-25 млн теңге бөлінетін. Енді осынша ақша үнемделетін болды.

СҚО-дағы ауылға қайтарылған қаржы есебінен ауыз су құбыры тартылды

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар