• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 07:40

Баянсыз бақ

10 рет
көрсетілді

2002 жылы америкалық кәсіпкер Джек­сон Уиттакер лотереядан 315 мил­лион доллар ұтып алып, сол кезең­дегі ең ірі джекпот иегері атанады. Алай­да айналдырған бірнеше жыл­дың ішінде оның қызы мен немересі қай­тыс болады, жұбайымен ажыра­сады, үйі өртенеді, бар ақшасынан айырылады.

Ол кейін: «Менің өмірімнің күл-талқа­нын шығарған сол ұтыс», деп мәлімдеген. Сарапшылар мұндай жағдай сирек емес екенін айтады. «National Bureau of Economic Research» дерегінше, лотерея жеңімпаздарының шамамен 70 пайызы 3–5 жыл ішінде қайта қаржылық қиын­дыққа тап болады. Себеп – кенет келген байлықты басқару тәжірибесінің болмауы. Зерттеулер көрсеткендей, аяқ астынан байыған адамдардың әлеуметтік ортасы да өзгереді. Мамандардың сөзінше, өмірде байлықтың өзі емес, оны басқару мәдениеті шешуші рөл атқарады.

 

Соңғы жаңалықтар