Отандық Sportarena.kz порталы 2026 жылдың қаңтар айындағы Қазақстанның ең үздік алты спортшысын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірінші орын Елена Рыбакинаға бұйырды. Оған ешкімнің дау айта алмасы анық. Күні кеше ғана ол Мельбурнде өткен Аустралияның ашық біріншілігінде топ жарып, «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердегі екінші титулына қол жеткізді. Жарыс барысында Рыбакина әлемнің бірінші және екінші ракеткалары Арина Соболенко мен Ига Швентекке шаң қаптырды. Бір кереметі, жерлесіміз жеті кездесудің алтауын екі сетте аяқтады.
Елена Рыбакинаның толайым табысы
Дәл сол турнирдің финалына жеткен Анна Данилина екінші орынды еншіледі. Ол сербиялық Александра Круничмен жұптасып өнер көрсетті. Данилина мен Крунич тек бельгиялық Элисе Мертенс пен қытайлық Чжан Шуайдан айласын асыра алмады.
Сенсация: Анна Данилина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Үшінші және төртінші сатыға каратэшілер Бэлла Самашева мен Софья Берульцева жайғасты. Қос спортшымыз Түркияның Ыстанбұлында жалауы желбіреген Премьер-лигада алтыннан алқа тақты.
Бесінші орынды Заңғар Нұрланұлы еншіледі. Қазақтың аса дарынды теннисшісі жастар арасындағы Australian open додасының жартылай финалында күш сынасты. Алтыншы сатыға Темірлан Анарбеков тұрақтады. Алматының «Қайраты» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде соңғы орында қалып қойса да, қазақ киперінің ойыны көпшіліктің көңілінен шықты. Өзінің асқан шеберлігінің арқасында Темірлан аталған жарыстың ең үздік қақпашыларының тізімінде үздік үштіктің қатарынан көрінді.