Былтыр Қазақстан мұнайы 29 мемлекетке экспортталып, ұлттық экономиканың валюталық түсімінің жартысынан астамын қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы шетелге 76 млн тонна мұнай шығарылып, оның жалпы құны 39,88 млрд долларды құрады. Салыстырмалы түрде 2024 жылы экспорт көлемі 71 млн тоннаны құрап, 42,3 млрд доллар табыс түскен еді. Осылайша экспорт көлемі артқанымен, әлемдік бағаның құбылуына байланысты жалпы түсім аздап төмендеген. Бүгінде мұнай Қазақстанның барлық экспорттық кірісінің 51 %-ын құрайды.
Мұнай экспортының мүмкіндігі
Energy Monitor арнасының мәліметінше, экспортталған мұнайдың орташа бағасы тоннасына 525 доллар деңгейінде қалыптасты. Ең жоғары баға Багам аралдарына жөнелтілген мұнайда тіркеліп, тоннасына 575 долларды құраса, ең төменгі көрсеткіш Өзбекстан бағыты бойынша – 369 доллар болды.
Статистикада Италия отандық мұнайдың негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетілгенімен, бұл ел көбіне алғашқы тіркеу нүктесі ретінде ғана есепке алынады. Танкерлер мұнайды Италияның Триест портына жеткізіп, одан әрі TAL мұнай құбыры арқылы Австрия, Германия, Чехия нарықтарына жөнелтеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан мұнайының ең ірі тұтынушысы – Германия.
Мұнай экспорты 30%-ға артады
Экспорттық баға негізінен «Urals Med» немесе «Brent Dtd» белгіленімі бойынша есептеледі. Дегенмен бюджетке төленетін кедендік баждар мен салықтар көбіне нақты сату бағасынан жоғары деңгейде қалыптасады. Себебі есептеу кезінде трейдерлер ұсынатын жеңілдіктер мен отандық мұнайға берілетін дисконттар ескерілмейді.
Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды