• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 11:50

Дохада Қазақстанның Мәдениет күндері басталды

30 рет
көрсетілді

Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстанның Мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары кезінде екі ел басшылары арасындағы келісімдердің нәтижесінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Мәдениет күндері аясында Балаева Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі шейх Әбдірахман бен Хамад бен Джасим Әл Тәнимен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.

Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді

Аида Балаева екі елдің халықтарын біріктіретін тарихи және рухани құндылықтарға ерекше мән берді. Шейх Әбдірахман да бірлескен жобалардың ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді. Кездесу кезінде креативті индустриялар, бірлескен кітаптар шығару, аударма жобалары, суретшілерді қолдау секілді бағыттар да қаралды.

Ауыл мәдениетіне мән берсек

Іс-шара аясында Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концерті өтті. Бағдарламада классикалық музыка, халық күйлері мен әндері, симфониялық өңдеулер және араб әндері ұсынылды. Сонымен қатар «Дарб Аль-Саги» мәдени-тарихи орталығында көрмелер мен дизайнерлік туындылар көрсетілді. Ұлттық дәстүрлер мен спорт түрлері, оның ішінде дәстүрлі садақ ату, саятшылық және тазы итпен аң аулау да таныстырылды.

Қазақстанның мәдениет күндері төрт күнге жоспарланып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан мәдениетін халықаралық деңгейде таныстыруға бағытталған. Алдағы уақытта Қатар мәдениет күндері Қазақстанда өтеді.

Екі жылдың ішінде еліміздегі 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді

Соңғы жаңалықтар