• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды

10 рет
көрсетілді

Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Ainala»  емдеу – оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жерде денсаулығында кінараты бар 3-18 жас аралығындағы  балаларға медициналық, психологиялық және педагогикалық кешенді қолдау көрсетіледі.

​Жыл сайын орталықта  шамамен 840 бала емдік-сауықтыру шараларынан өтпекші. Мұнда  күндізгі емдік курстарына арналған және жатып емделетін бөлімшелер, диагностикалық кабинеттер,  денешынықтыру залдары, тұз шахтасы, баланың  сезім мүшелерін дамытуға және мінез-құлқын реттеуге арналған сенсорлық және интерактивті жабдықтар, иммерсиялық ванна,  арнайы еңбек құралдарымен жабдықталған шеберханасы бар. Мекемеге бірнеше психолог, логопед, дефектолог және арнайы емдік-денешынықтыру жаттықтырушылары, невролог мамандар жұмысқа қабылданды.

​Жоба «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның  Samruk –Kazyna Trust корпоративті қайырымдылық қоры  мен «Baquatty Aimaq Qory» және Ақтөбе  облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында 6 мыңнан астам мүгедек бала бар.

Соңғы жаңалықтар