• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 17:48

Халықаралық заңгерлер қауымдастығы: Жаңа Конституция жобасы халықаралық стандарттарға сай

10 рет
көрсетілді

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жаңа Конституция жобасын талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Талқыға Халықаралық заңгерлер қауымдастығының өкілдері, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған Конституциялық реформаны және еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық маңызы бар жаңа Ата заң жобасының негізгі ережелерін саралады.

Мәжіліс депутаты, «Халықаралық заңгерлер қауымдастығының» басшысы Марат Башимовтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқы мен бостандығына берілетін кепілдіктерді кеңейтіп қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

Марат Шибұтов: Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын

Оның айтуынша, жоба ережесінің барлығы адам құқы саласындағы халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Құжатты әзірлеу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропа Кеңесінің конвенцияларында бекітілген нормалар мен тәсілдер, сондай-ақ еуропалық құқық практикасы кеңінен пайдаланылған.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа редакциядағы Конституциясы жобасын қолдау жөнінде Халықаралық заңгерлер қауымдастығының резолюциясын қабылдады.

Резолюция мәтінінде Конституциялық комиссия жұмысының нәтижесінде жаңа Негізгі заңның тұтас әрі логикалық құрылымы қалыптастырылғаны атап өтілген. Конституцияның жаңартылуы Преамбула мен конституциялық құрылыстың негіздерінен бастап, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктеріне дейінгі барлық бөлімдерді қамтиды. Атап айтқанда, Халықтық Кеңес институтын дамыту, адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс тетіктерін кеңейту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылған.

Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады

Халықаралық заңгерлер қауымдастығының сарапшылары 2026 жылғы Конституциялық реформаның адамға бағдарланған, яғни адамды, оның құқы мен бостандығын, қадір-қасиетін мемлекеттік саясаттың өзегіне қоятын модельге негізделгенін атап өтті. Адам мен азаматтың негізгі құқы мен бостандығының мазмұны заманауи талаптарға сай жаңартылып, оларды іске асырудың жаңа қырлары ашылған. Сонымен қатар адам капиталының, білімнің, ғылым мен инновацияның дамуы мемлекеттің стратегиялық қызмет бағыттары ретінде айқындалған.

Резолюцияда көрсетілгендей, ұсынылып отырған Конституциялық реформа құқық қорғау саласындағы мемлекеттік тетіктердің тиімділігін арттыруға, оларды әрбір азамат үшін қолжетімді әрі түсінікті етуге мүмкіндік береді. Жаңа Конституция жобасының Преамбуласында нақты белгіленген құқықтық мемлекет қағидаттарына сүйенетін Конституциялық өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз етуге, елдің орнықты дамуына бағытталған.

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде Конституциялық реформа барысын түсіндірді

Ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы мен мазмұнын ескере отырып, Халықаралық заңгерлер қауымдастығы мен халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар Қазақстан Республикасының Конституциясының жобасын қолдайтынын білдірді. Сарапшылар бұл құжаттың қазіргі заман талаптарына, қоғамның сұраныстарына, БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарына және еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар