• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 12:00

Президент: Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады

40 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жаңа Конституция жобасына қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституцияның жобасы жекелеген түзетулер енгізілген жоба емес. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – жаңа тарихи дәуірде мемлекеттің негіздерін түбегейлі қайта құру, қоғамдық сананы жаңғырту.

Президент: Конституциялық комиссияның жұмысы барынша ашық жүргізілді

«Жаңа Конституцияның жобасына аса қажетті әрі озық нормалар енгізілген. Біз бәріміз бір ел болып ырыс-ынтымағымызды, береке-бірлігімізді сақтай отырып, эволюциялық, яғни табиғи жолмен дамып келеміз. Бұл – өте маңызды. Бұдан басқа жол жоқ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт»: Президент еліміз үшін маңызды қағидатты атады

Президент түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданатынын айтты.

«Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады», деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев: Жаңа Ата заңда Әділетті Қазақстан және Заң мен Тәртіп сияқты негізгі қағидаттар нақты көрсетілген

Соңғы жаңалықтар