Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан іріктеу кезеңі өтті. Бұл сында отандасымыз Павел Колмаков сәтті өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлем чемпионатының қола жүлдегері жерлесіміз Павел Колмаков бақ сынап, 76.24 ұпаймен 9-шы орынға тұрақтады.29 спортшы қатысқан сайыста үздік ондықтың қатарына енген спортшы финалға тікелей жолдама алды. Сәйкесінше Павел Колмаков та фристайл-могул финалында жүлдеге таласады.Ал финалдық бәсеке 12 ақпанға жоспарланған.
Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
Айта кетейік, бүгін қысқы Олимпиаданың жарыс жолына шорт-трекшілер мен шаңғышылар да шықты. Өкінішке қарай, бұл сындарда отандастарымыз келесі кезеңге өте алмады.