• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 08:30

Жаңару бастамасы және өнеркәсіп мүддесі

10 рет
көрсетілді

Елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа елдің саяси жүйесін жаңартумен қатар, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына да тікелей ықпал ететін маңызды кезең ретінде бағаланып отыр. Бұл мәселе «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы президиумы жанындағы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысында кеңінен талқыланды.

Кездесуде тау-кен металлургия кешені өкілдері Ата заңды жаңартуға бағытталған бастамаларды қолдайтынын білдіріп, реформалардың саланың орнықты дамуы үшін стратегиялық маңы­зын атап өтті. Отырысты палата президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев ашып, комитеттің ел экономикасының нақты секторын таныстыратын аса маңызды саланы біріктіретінін айтты. Оның айтуынша, тау-кен металлургия кешенінде бүгінде 200 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл – тұрақтылықты, болжамды саясатты және ертеңгі күнге деген сенімді ең жоғары құндылық санайтын еңбек адамдары. «Саланы дамыту орнықты саясатты, терең пайымды және мемлекетпен тұрақты диалогті талап етеді. Сондықтан елде жүргізіліп жатқан өзгерістер біз үшін ерекше маңызды», деді Қ.Шарлапаев.

Комитет төрағасы Николай Радостовец өз сөзінде елімізде жүріп жатқан реформалардың жүйелі сипатына тоқталды. Оның айтуынша, бұл өзгерістер – формалды жаңару немесе «өзгеріс үшін өзгеріс» емес, мемлекетті институционалдық тұрғыдан күшейтуге бағытталған нақты қадамдар. Ол жаңа Консти­туция жобасының өзегінде адамға бағдарланған қағидат жатқанын атап өтті. Азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктері, бастамашылдығы мемлекеттік саясаттың басты басымдығы ретінде айқындалып отыр. «Бұл – ашық, заманауи және дамуға бейім мемлекет қалыптастыруға ұмтылыстың көрінісі. Саяси жүйе жаңарып келеді. Ол дамыған елдерде бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан институционал­дық қағидаттарға сүйенеді. Ен­дігі жерде қоғамдық-саяси өмір жекелеген тұлғалардың амбициясы төңірегінде емес, қоғам қолдайтын бағдарламалар не­гізінде құрылуға тиіс», деді комитет төрағасы.

Ал Бағалы металдар өндіру­шілері республикалық қауым­дас­тығының атқарушы директоры Қанат Баитов конституциялық реформаның инвестициялық ахуал үшін маңызын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Ата заңдағы өзгерістер бизнес пен инвесторлар үшін ережелердің тұрақтылығы мен түсініктілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Тау-кен металлургия кеше­ні – ұзақ инвестициялық же­лісі бар, капиталы көп салаларға жатады. Сондықтан меншік құқы­ғының қорғалуы, заң үстем­дігі мен кәсіпкерлікке беріле­тін кепілдіктердің күшеюі біз үшін шешуші фактор», деді Қ.Баитов.

Ол сондай-ақ сот жүйе­сінің тәуелсіздігі мен құқық­тық тәуе­келдердің азаюы ірі инвес­тиция­лық жобаларды іске асыруға тікелей әсер ететінін айтты. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға, өңірлердің да­муына, қосылған құнды арттыруға мүмкіндік береді.

Талқылау барысында қаты­су­шылар конституциялық ре­фор­малардың орнықты даму, эколо­гиялық жауапкершілік және келер ұрпақ алдындағы міндеттер­мен тығыз байланыс­ты екенін атап өтті. Негізгі заңдағы жаңашылдық­тар саланы технологиялық тұрғы­­дан жаңғыртуға және тиімді ше­шім­дер енгізуге жол ашады. Кез­десу қорытындысында тау-кен метал­лургия кешенінің өкілдері конс­титуциялық реформаны қол­дайтындарын білдіріп, салалық қауымдастықтарды қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға шақырды. Негізгі заңды жаңар­ту бүкіл қоғамның, кәсіби орта­ның және өңірлердің ортақ ісіне айналуға тиіс деген ортақ пікір айтылды.

Соңғы жаңалықтар