Бүгін Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астананың ақша айырбастау орындарында:
доллар 481 теңгеден сатып алынса, 488 теңгеден сатылып жатыр; еуро: сатып алу − 559 теңге, сату − 569 теңге; рубль: сатып алу − 6,5 теңге, сату − 6,8 теңге;Алматының ақша айырбастау орындарында:
− доллар: сатып алу − 483 теңге, сату − 490 теңге;
− еуро: сатып алу − 562 теңге, сату − 572 теңге;
− рубль 6,1 − 6,9 теңге аралығында саудаланады.
Еске салайық, 29 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 486,51 теңге болды.