• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 09:15

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры: Теңгелік депозиттер табыс табудың құралына айналды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры елдегі инфляцияның баяулауы және Ұлттық банктің ақша-несие саясаты аясында азаматтардың жинақтау әдетінде айтарлықтай өзгеріс байқалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қордың мәліметінше, қазақстандық банктердегі теңгелік депозиттер бүгінде қаражатты инфляциядан қорғау құралы ғана емес, халық үшін нақты табыс көзіне айналып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция деңгейі 11 пайызға дейін төмендеген. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеменің сақталуына байланысты банктер депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін жоғары деңгейде ұстап тұр.

Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өсті

Осының нәтижесінде банк жүйесіндегі мерзімді депозиттердің көлемі едәуір артқан. Бір тоқсан ішінде бұл көрсеткіш шамамен екі есеге өссе, жылдық есеппен алғанда бөлшек депозиттік портфель көлемі 12 еседен астам ұлғайған.

Есепті кезеңнің соңында мерзімсіз салымдар бойынша орташа нарықтық сыйақы мөлшерлемесі 15 пайызды құрады. Қазіргі таңда ең жоғары табыстылықты 1 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді депозиттер мен жинақ салымдары ұсынып отыр.

Мұндай салымдар бойынша толықтыру мүмкіндігі бар өнімдердің жылдық мөлшерлемесі 19,8 пайызға дейін жетсе, толықтыру құқығы қарастырылмаған депозиттер бойынша бұл көрсеткіш 19 пайыз деңгейінде белгіленген.

Соңғы жаңалықтар