• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:35

Санкт-Петербургте саяси баяндама жасаған Қазақстан азаматы сотталды

10 рет
көрсетілді

Қазақстан азаматы Гарри Азарян 2025 жылы «мемлекеттік құрылымды өзгертуге және жаппай зорлық-зомбылыққа шақырды» деген күдікпен ұсталған болатын. Оған бұл айып солшыл-радикалды «Рабочая власть» қозғалысының жиынында сөйлеген сөзі үшін тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петербургтік Telegram-арналардың хабарлауынша, қозғалыс өкілдері бұл істі «қолдан жасалған» деп бағалаған. Соған қарамастан, Санкт-Петербург сотында іс ерекше тәртіппен қаралып, процесі аяқталды. Прокуратура айыпталушыны үш жыл колонияға жіберуді сұраған. Айта кетейік, аталған бап бойынша айыппұл салу жазасы да қарастырылған. Алайда, СПбГУ-дың бұрынғы студенті үкім шыққанға дейін 8 ай бойы тергеу изоляторында болған.

Тергеу нұсқасына бойынша, Азарян қозғалыс съезінде сөйлеген сөзінде зорлық-зомбылыққа шақырып, терроризмді ақтаған. Сот барысында сөздің толық мәтіні жарияланбады. Белгілі болғандай, ол баяндамасында «капитализмнің кінәсі», «қанаушылар» және «буржуазиялық реформаторлар» туралы айтқан.

Семейде терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды

Айыптаушы тарап бұл сөздердің мобилизация кезеңінде айтылуын жағдайды ауырлататын фактор ретінде көрсеткен. Ал қорғаушы тарап сотталушының кінәсін толық мойындап, тергеумен ынтымақтастықта болғанын алға тартқан.

Студент өзінің соңғы сөзінде қоғамға қайта оралып, пайдалы азамат болғысы келетінін мәлімдеген. Сот шешімімен Гарри Азарян екі жылға колонияға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар