Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен әйелдер арасындағы 1000 метр қашықтықта іріктеу сайысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Ольга Тихонова өнер көрсетті.
Отандасымыз іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 1:31.771 уақыт көрсеткішін тіркеп, өз тобында төртінші орынға тұрақтады. Осылайша ол ширек финалға өте алмады.
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?