Дзюдодан Словенияның Любляна қаласында өтіп жатқан European Open турнирінің алғашқы күнінде қоржынымыз күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
63 келіде сынға түскен Эсмигуль Куюлова жарыс жолында швейцариялық Кьяру Фриден, хорватиялық Нину Жетко, словениялық Лейлу Мазузи иен нидерландық Джони Гейленнен басым түсті.
Айта кетейік, 14-15 аралығында өтіп жатқан жарысқа 44 елден 480 спортшы тіркелген.
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?