Энергетик, мемлекет қайраткері, ХХ ғасырдың көрнекті инженері және Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов 84 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаралы хабарды Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Алтай Қадыржанов – көрнекті энергетик, мемлекет қайраткері, ХХ ғасырдың инженері, жоғары мәдениетті және адалдық қасиетіне ие тұлға. Ол Қазақстанның энергетикалық жүйесін құрып, нығаюына зор үлес қосқан адам. Оның кәсіби жолы – елге қызмет етуден тұрады. Дінмұхамед Қонаевтың туысқаны болғандықтан, ол кез келген артықшылықтан саналы түрде бас тартқан, және беделін тек еңбегімен, білімімен және ісімен дәлелдеді», делінген хабарламада.
Қордың мәліметінше, оның басшылығымен негізгі энергетикалық нысандар дамып, жылу және электрмен жабдықтау саласында жүйелі шешімдер жасалып, елдің болашағына берік негіз қаланған.
«Алтай Қамалұлы тек инженер немесе жетекші маман ғана емес, сонымен қатар кең көрегенділігі бар адам, мәдениет, ғылым және ұлттық бастамаларды ең қиын жылдары қолдаған меценат болды», делінген хабарламада.
Ол КСРО-ның құрметті энергетигі атағына ие, сонымен қатар «Құрмет» орденімен марапатталған. ХХ ғасырдың көрнекті инженерлерінің бірі ретінде танымал.
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева дүниеден озды