• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:04

Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?

10 рет
көрсетілді

Отандық өндірушілер Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазСШҒЗИ) әзірлеген су үнемдеу құрылғыларын коммерцияландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ғылыми негізделген су үнемдейтін суару технологияларын ұйымдастыру және енгізу» жобасы шеңберінде ҚазСШҒЗИ әзірлеген, пайдалану тиімділігі жақсартылған жаңбырлатып суару машиналарын нарыққа шығару жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиялары енгізіледі

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жобаның негізгі міндеттеріне жаңбырлатқыш саптамалар мен жаңбырлатып суару машиналарын өндіру, шығарылатын өнімді сертификаттау, сондай-ақ жаңбырлатып суару машиналарын Қазақстан нарығында сату және кейін экспортқа шығару кіреді.

«Жобаны іске асыру импорттық компоненттерді ҚазСШҒЗИ әзірлеген отандық өнімдермен алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңбырлатып суару машиналарының өзіндік құнын төмендетіп, отандық техниканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады», деді ҚазСШҒЗИ бас директоры Серік Саиров.

Су үнемдеу технологияларын дамытуға 214 млрд теңге бөлінеді

Соңғы жаңалықтар