• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:14

Қазақстанда 7 мыңнан астам адамды кене шақты

Көктем шығып, күн жылынған сайын кене қаупі де күшейеді. Әсіресе шөп қалың өскен жерлерде, орман-тоғай мен тау бөктерінде сақ болған жөн. Мамандардың айтуынша, кенелер табиғат аясындағы демалыс кезінде адамға оңай жабысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметіне сәйкес, биыл кене шағуына байланысты 7 776 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 3 597-сі – 14 жасқа дейінгі балалар.

Дәрігерлер кене шаққан жағдайда уақыт жоғалтпай, бірден медициналық мекемеге қаралу қажеттігін ескертеді. Себебі кене арқылы таралатын вирустар адам ағзасына шаққан сәттен бастап ене бастайды.

Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?

Мамандардың сөзінше, кене тарататын ең қауіпті аурулардың бірі – кене энцефалиті. Бұл дерт адамның жүйке жүйесін зақымдап, ауыр асқынуларға, мүгедектікке, тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Бұдан бөлек, кене арқылы қайталамалы сүзек, туляремия және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы секілді қауіпті инфекциялар да таралады.

Соңғы жаңалықтар