• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 09:10

Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?

10 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігі Милан және Кортинадағы қысқы Олимпиаданың бүгінгі жарыс күнінде ел намысын қорғайтын атлеттеріміздің жарыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін жүлдеге таласатын спортшыларымыз: 

13:45-те шаңғы жарысының командалық спринт түрінде әйелдер арасындағы сайыс өтеді. Бұл сында Қазақстан сапынан Надежда Степашкина, Дарья Ряжко өнер көрсетеді.

14:00-де тау шаңғысының слалом түрі бойынша Александра Скороходова жарыс жолына шығады. 

14.00-де фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу де өтеді. Аталған бәсекеде ел намысын Аяна Жолдас қорғайды. 

Шаңғы жарысының ерлер арасындағы командалық спринт сайысында Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков күш сынайды. Жарыс 14:15-те басталады. 

00:15-те шорт-тректен 500 метр қашықтықта ерлер арасындағы ширек финал сыны ұйымдастырылады. Ширек финалда іріктеуден өз тобында бірінші болып мәре сызығын кескен Абзал Әжіғалив пен уақыт көрсеткіші бойынша жарысты жалғастыруға мүмкіндік алған Денис Никиша жүлдеге таласады.

Аталған бәсекелерді Qazaqstan, Qazsport, Khabar және Jibek joly арналары тікелей эфирде ұсынады. 

Айта кетейік, кеше Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 68,47 ұпаймен жеке рекордын жаңартты. 

Ал қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады. 

Соңғы жаңалықтар