• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:22

Оралдық ғалымдар жаңа агрожоба ұсынды

10 рет
көрсетілді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары Алматыда өткен көрмеде мал азығын дайындау бойынша ерекше ғылыми жобаны назарға ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім және ғылым: Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» атты кеңейтілген алқа отырысы аясында ұйымдастырылған көрмеде 40-тан астам ғылыми жоба таныстырылған. Оралдық ғалымдар мұнда «Қазақстанның мал азықтық алқаптарында тұрақты басқару контекстінде жемшөп дайындау технологиялары мен тәсілдерін жасақтау» атты ғылыми-техникалық бағдарламасын ортаға салды. Жобаның ғылыми жетекшісі – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Бейбіт Нәсиев.

«Бұл ғылыми жоба еліміздегі мал азығын дайындайтын алқаптарда жемшөп дайындау технологиясы мен тәсілдерін жасақтауға бағытталған. Басты мақсат – Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша маңызды стратегиялық құжаттарда қойылған басым міндеттерді шешу», дейді ғалым.

Ғалымдар диабет және жүрек ауруларының алдын алатын өнім әзірлеп жатыр

Қазақстан фермерлері үшін маңызды бұл ғылыми жобаны ғалымдар 2023-2025 жылдары зерттеп, соның нәтижесінде бұған дейін де түрлі іс-шара ұйымдастырған. Нәтижесінде халықаралық басылымдарға бірнеше мақала жарияланып, халықаралық конференцияларда да зерттеулер талқыға салынған болатын. Осы зерттеулер аясында Қазақстан Республикасының пайдалы моделінің сегіз патенті алынған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар атсалысып, жалпы 6 PhD докторант, 17 магистрант және 21 студент қатысқан.

Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?

Соңғы жаңалықтар