• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 14:22

Шаңғы жарысының спринт түрінде бақ сынаған отандастарымыздың нәтижесі қандай?

10 рет
көрсетілді

Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы спринт бәсекесі өтті. Ел құрамасы сапында Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина сынға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Алғаш болып жарыс жолына шыққан Дарья мәреге 16-ншы болып жетті. Іріктеудің екінші бөлігінде Надежда бақ сынап, Қазақстан қорытынды есепте 17-орын алды. Қос спортшының уақыт көрсеткіші − 7 минут, 14.61 секунд болды.

Осылайша, 26 мемлекеттің командасы арасынан 15-і финалға шықты. «Тезаро» шаңғы стадионындағы финал бүгін сағат 15:45-те басталады.

Санаулы сəттен кейін ерлер командасы арасында да іріктеу өтеді. Мұнда ел намысын Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков қорғайды.

Айта кетейік, бүгін фристайл-акробатика, шорт-трек бәсекелерінде де отандастарымыз жарыс жолына шығады.

Кешегі жарыс күнінде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 68,47 ұпаймен жеке рекордын жаңартты. 

Ал қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады. 

Соңғы жаңалықтар