Шариғат бойынша балиғат жасына толмаған балаларға ораза ұстау парыз емес. Алайда, денсаулығы жақсы болса, ата-ананың рұқсатымен 9-12 жастан бастап, таңнан түске дейін немесе жарты күн сияқты жеңілдетілген түрде үйренуіне болады. Баланың денсаулығына кері әсер етпеуі маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Мүфтияттың пәтуә бөлімінің мәлімдеуінше балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұған қатысты былай деген:
«Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан».
Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма?
Алайда балаларды құлшылыққа баулу мақсатында ораза ұстатқызу – мұстахап.
Хадисте: «Біз балаларымызға ораза ұстатқызып, оларға жүннен ойыншық жасап қоятынбыз. Егер біреуі тамақ сұрап жыласа, ауыз ашар уақыты келгенше (ермек қылып отырсын деп) сол ойыншықты беретінбіз» делінеді.
2026 жылғы Ораза кестесі жарияланды