Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен ел намысын қорғайтын отандық спортшыларды мемлекеттік қолдау аясында 2025 жылы мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен оның командасының дайындығына 263 394 581 теңге жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынына (8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінген.
2025 жылы спортшының жалпы еңбекақысы (ҚР ТСМ ДРС, федерация және әкімдік желісі бойынша) 33 989 000 теңгені құрады.
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Спортшының жеке бапкері Алексей Урмановтың 2025 жылғы еңбекақысы (ҚР ТСМ ДРС және федерация желісі бойынша) 26 000 000 астам теңге болды.
Хореограф И.В. Регинаның 2025 жылғы еңбекақысы (ҚР ТСМ және федерация желісі бойынша) 23 000 000 теңгені құрады.
Қосымша түрде жарыс бағдарламаларын қою, екі костюм тіктіру және шығармаларға авторлық құқықтарды сатып алу шығындары да қаржыландырылды. Бұған дейін спортшы әлем чемпионаты мен Азия ойындарындағы жоғары нәтижесі үшін 6 694 581 теңге көлемінде біржолғы сыйақы алса, жаттықтырушылар штабына қосымша 1 506 040 теңге төленген.
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді