Облыстық Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының бойында қар құрсауында қалған жолаушыларды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Он үш жолаушы мінген жеті көлік Денисов ауданына қарасты Перелески ауылының маңында қалың қарға батып қалған.
«Құтқарушылар жолаушылардың бәрін қар құрсауынан шығарып алып, жолдың тазартылған учаскесіне дейін шығарып салды. Эвакуацияланған адамдар медициналық көмектен бас тартты», деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Бұған дейін, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылғанын жазған едік.