• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:01

Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген

10 рет
көрсетілді

Шымкентте сабақ үлгерімін жақсартқысы келген студенттер алаяқтарға алданып қалған. Екі күдікті 2025 жылдың қазан айынан бастап TikTok әлеуметтік желісі арқылы студенттердің парақшаларын тауып, арнайы боттардың көмегімен олардың ұялы телефон нөмірі мен жеке мәліметтерін жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кейін оқу орнының портал жүйесі арқылы студенттердің үлгерімін тексеріп, кейбірінің сынақтардан жеткіліксіз балл жинағанын анықтаған.

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Күдіктілер студенттерге уақытша нөмірлер арқылы мессенджерде хабарласып, өзін университет қызметкері ретінде таныстырған. Олар студенттерге сынақтан өту үшін бір балл жетіспейтінін, академиялық қарыз немесе емтиханға жіберілмеу қаупі бар екенін айтып, мәселені шешіп беруге және бағаларды түзетуге ұсыныс жасаған.

«Күдіктілер әр студенттен бұл жалған қызмет үшін 70-80 мың теңге алып, кейін хабарсыз кеткен. Қазіргі таңда алаяқтардың алты эпизодқа қатысы бар екені анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды

Соңғы жаңалықтар