Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облыс орталығының әуежайын 20 жылға жуық басқарған Николай Короленкоға қатысты іс қаралып, үкім шығарылды.
Ол ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану) және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша айыпталып, сот алдында жауап берді. Бастапқыда оған сыбайлас жемқорлық сипатындағы айыптар тағылғанымен, сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы бұл айыптардан бас тартты.
Үкіммен қатар ШҚО әкімдігіне жолданған жеке қаулы шығарылып, онда кәсіпорынның қауіпсіздік жүйесі мен қаржылық бақылау саласында орын алған елеулі олқылықтар көрсетілген.
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Сот әуежайдың бұрынғы президентін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұдан бөлек, ол мемлекетке 120 млн теңге көлемінде шығынды өтеуге міндеттелді. Сот үкімі жарияланғаннан кейін ол қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген.
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды