• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:55

Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамның ісі тоқтатылды

10 рет
көрсетілді

Ақтөбеде өткен жылдың қарашасында болған қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот күдіктінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалауды доғару туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты таратқан мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 20 қарашада ер адам жұбайымен бірге Богослов тасжолы бойымен келе жатқан. Жол үстінде ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындаған.

Сотта анықталғандай, күдікті көлікті тоқтатып, қолына асүй пышағын алып, артқы орындыққа ауысып отырған. Ол әйелін етпетінен жатқызып, сол аяғымен арқасынан басып тұрып, мойын тұсына бірнеше рет пышақ салған. Алған жарақаттары салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.

Осыдан кейін ер адам жолай арқан сатып алып, өндірістік цех аумағына барған. Қондырғының үстіне шығып, өзіне қол салған. Марқұмдардың артында 5 бала қалды.

Шымкентте жол апатынан кейінгі кісі өлтіру оқиғасына қатысты күдіктілер ұсталды

Аталған дерек бойынша іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тіркелген. Алайда күдіктінің қайтыс болуына байланысты оның қорғаушысы істі тоқтату туралы өтінішхат берген. Прокурор бұл өтінішті қолдаған.

Сот Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабына сәйкес, күдіктінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату жөнінде қаулы шығарды.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді

Соңғы жаңалықтар