Абай облысы Семей қаласында Шугаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, облыстық өрт сөндіру қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр.
Хабарлама түскен сәттен бастап алты минут ішінде күштер мен құралдар оқиға орнына жетті.
«Алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткен сәтте ғимарат ашық жалынмен жанып жатты. Өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, адамдар өздігінен эвакуацияланған. Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінмен күрделеніп жатыр», делінген хабарламада.
Өртті сөндіру үшін периметр бойынша су шашыратқыштар, сонымен қатар биік техника арқылы су жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Астанада көп қабатты үйден өрт шықты
Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өртке қарсы қызметі жоғары ранг бойынша жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасып жатыр.
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты