Ерлі-зайыпты азық-түлік алуға дұкенге шыққан. Жолда олардың арасында жанжал туындап, ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында бұрын хабар-ошарсыз кеткен, кейіннен мәйіттері табылған ерлі-зайыптыларға қатысты іс қаралды. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қозғалып, сотқа жолданған. Айыпталушы ретінде марқұм Аманжол Алмағанбетов танылған.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 20 қарашада А. Алмағанбетов жұбайына азық-түлік сатып алатынын айтып, оны көлікке отырғызған. Жолда олардың арасында ұрыс туындап, ер адам көлікті тоқтатқан. Содан кейін асүй пышағын алып, артқы орындыққа ауысқан. Ол әйелін орындыққа жатқызып, арқасынан аяғымен басып тұрып, мойын тұсына бірнеше рет пышақ сұққан.
Кейін ол мал базарына барып, ұзындығы 10 метр арқан сатып алған. Іс материалдарына сәйкес, жақын маңдағы өндірістік цехқа барып, сол жерден асылған күйінде табылған.
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Айыпталушының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы негізінде тоқтатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды