• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:00

Дәстүрлі аспаптар шеруі

0 рет
көрсетілді

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мем­лекеттік академиялық концерттік ұйымында «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің «Аспаптар шеруі» атты жеке концерті өтті.

Көктемнің алғаш­қы күнімен тұспа-тұс келген кешке көрермен көп жиналды. Концертте ұлттық дәстүрлі музыка алуан түрлі композициямен салтанат құрды. Сонымен қатар кеште фольк, этно-джаз, этно-панк және заманауи үн әдемі үйлесім тапқан. Бағдарлама аясында қазақ музыкасының тамаша туындылары орындалды.

Кеш барысында Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Шал­ды­беков, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әділхан Макин, республикалық және халықаралық байқау­лардың лауреат­тары Заңғар Мүбәраков, Жанту Дадабаев, Аққанат Смағұлова, Жаслан Кәрім секілді талантты әртістер өнер көрсетті. Олар­дың әуелетіп салған әндері мен күмбірлетіп тартқан күй­лері тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Мың бұралған бишілердің шеберлігі де жұртшылықты тәнті етті.

Айта кетейік, «Astana sazy» – еліміздегі жетекші шығармашылық ұжымның бірі. Ансамбль музыканттары домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, саз сырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау секілді халық музыкалық аспаптарында керемет ойнайды. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Нұркен Якияев.

Бір жағынан, фольклорлық ансамбльдің репертуары өте бай. Әсіресе онда түр­лі халықтардың дәстүрлі аспаптық музыкасы мен заманауи авторлық шығармалар қамтылған. Сондай-ақ бұған дейін ұжым әртістері Тәжік­стан, Өзбекстан, Қырғызстан секілді бірнеше елде өнер көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар