Алматы халықаралық әуежайына Flight 251 эвакуациялық рейсі қонып, 167 Қазақстан азаматын елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жолаушыларды әуежайда туған-туыстары мен жақындары қарсы алды. Алматы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл рейс қазақстандықтар үшін жай ғана үйге оралу емес, мемлекет тарапынан азаматтарға көрсетілген қамқорлық пен қолдаудың айқын белгісі болды.
Елге оралған жолаушылар эвакуацияны ұйымдастырып, олардың Отанға аман-есен жетуіне жағдай жасағаны үшін ел басшылығына алғыс сөздерін білдірді.
Дубай қаласынан 306 жолаушы елге оралды
«Қиын жағдайда бізді жалғыз қалдырмағаны үшін мемлекетімізге ризамыз. Бізді елге қайтаруға көмектескен Президентке және Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне рахмет. Бұл біз үшін үлкен қолдау болды», деді елге оралған жолаушылар.
Қазақстандықтардың айтуынша, эвакуация процесі жедел әрі үйлесімді ұйымдастырылған. Дипломатиялық қызмет өкілдері азаматтармен тұрақты байланыста болып, құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, ұшуды үйлестіріп отырған.