• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:28

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

10 рет
көрсетілді

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

2026 жылғы 10 наурыз сағат 08:20-дағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолының 3-92 шақырымындағы (Қандыағаш – Ембі) учаскесі барлық көлік түрлері үшін қайта ашылды.

Сонымен қатар ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше облысындағы бірқатар жол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында:

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское– Қарабұтақ» автожолының 5-234 км (Қарабұтақ – Қостанай облысының шекарасы);

«Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 км (Қандыағаш – Ембі) және 92-389 км (Ембі – Ырғыз);

«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау– РФ шекарасы» автожолының 104-337 км (Қандыағаш – Атырау облысының шекарасы);

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» жолының 776-965 км (Ақтөбе – Қарабұтақ) және 965-1240 км (Қарабұтақ – Қызылорда облысының шекарасы) учаскелері.

Қызылорда облысында:

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал), 1362-1806 км (Арал – Қызылорда), 1806-2055 км (Қызылорда – Түркістан облысының шекарасы);

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 12-216 км (Қызылорда – Ұлытау облысының шекарасы).

Ұлытау облысында:

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» жолының 216-424 км (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған) және 433-750 км (Жезқазған – Жаңаарқа);

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 64-137 км (Жезды – Ұлытау ауылы).

Жамбыл облысында:

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» жолының 534-593 км (Айша-бибі – Түркістан облысының шекарасы).

Түркістан облысында:

Аталған автожолдың 593-654 км (Жамбыл облысының шекарасы – Машат) және 2055-2095 км (Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан) учаскелері.

Батыс Қазақстан облысында:

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» жолының 393-526 км (Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы).

Атырау облысында:

«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-346 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).

Қостанай облысында:

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» жолының 234-385 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка);

«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» жолының 218-232 км (Октябрьский – Ақмола облысының шекарасы);

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 км (Арқалық – Ақмола облысының шекарасы).

Ақмола облысында:

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» жолының 377-595 км (Қостанай облысының шекарасы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» жолының 232-260 км (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған);

«Көкшетау – Атбасар» автожолының 105-184 км (Балкашино – Атбасар);

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» жолының 135-257 км (Астраханка – Атбасар);

«Жақсы – Есіл – Бузулук» жолының 0-82 км (Жақсы – Бузулук).

Солтүстік Қазақстан облысында:

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595-624 км (Ақмола облысының шекарасы – Дружба ауылы).

Павлодар облысында:

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығында (Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығу) көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар