• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 13:30

Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады

40 рет
көрсетілді

Қазандағы аудан аумағында қалыптасқан циклон ойысы Қазақстан территориясына қарау жылжып, елдегі ауа райының бұзылуына себеп болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал солтүстік аймақтарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауылды жел тұрады деп күтіледі. Сондай-ақ түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

26 сәуір күні батыс және солтүстік-батыс өңірлерде, ал 27 сәуірде солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі температура -2°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі ауа райына келсек, температура бірқатар өңірде төмендейді:

Солтүстікте – +10…+15°C; Орталықта – +10…+18°C; Шығыста – +7…+20°C.

Елдің батысында ғана ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, күндіз +15...+20°C-қа дейін жылынады деп болжанған.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 сәуір күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Соңғы жаңалықтар